Текст
06.01.2026
19.11.2025 жылы 1 «А» сыныбында түзету-дамыту жұмысы аясында “Шаштараз” рөлдік ойыны өткізілді. Іс-шараның мақсаты коммуникативтік дағдыларды дамыту, сөздік қорын байыту, ойын жағдайында өзара іс-қимыл жасау қабілетін қалыптастыру, сондай-ақ еріктіліктік пен шығармашылық қиялды дамыту болды.
Ойын барысында рөлдер: шаштаразшы, клиенттер, әкімші, кассир, тазалау көмекшісі болып бөлінді. Балалар - шаш қиюға жазылу, шаш үлгісін таңдау, шебердің “жұмысы” (тарақ, “шаш қию”, сәндеу), кассада есептеу, жұмыс орнын тазалау сияқты ойын әрекеттерін орындады. Олар диалог жүргізуді, іс-әрекеттердің реттілігін және қоғамдық орындағы мінез-құлық ережелерін сақтауды үйренді.
Ойын сәтті өтті. Балалар қызығушылық, бастама және ізгі ниет танытты.