04.11.2025
Мектеп-интернатта «Жас педагог мектебі» жұмыс істейді, оның жетекшісі – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-эксперт Анафина Ж.К.
2025 жылдың 29 қазан күні «Жас педагог мектебі» аясында «Заманауи сабақтың әдістемелік негіздері» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара басталар алдында Анафина Ж.К. қатысушыларға құттықтау сөзін жолдады. Өз сөзінде ол педагогтердің кәсіби дамуы мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, бұл семинар жас мамандардың жаңа білім мен дағдылар алуына, сондай-ақ тәжірибеде жиі кездесетін өзекті мәселелерді талқылауға тамаша мүмкіндік екенін ерекше айтты. Сондай-ақ, ол қатысушыларды белсенді жұмыс істеуге, пікір алмасуға, сұрақтар қоюға және тәжірибелерімен бөлісуге шақырды, семинардың баршаға пайдалы және мазмұнды болуын тіледі.
Семинар дефектолог-мұғалім, сурдопедагог Кулбаева А.К-ның «Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудың тиімді әдістері» тақырыбындағы баяндамасымен басталды. Өз сөзінде ол есту қабілеті бұзылған оқушылардың слухтық қабылдауын, сөйлеу белсенділігін және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи тәсілдер мен оқыту әдістері туралы айтты. Ерекше назар көрнекілік пен интерактивті оқыту құралдарын тиімді қолдануға, білім беру процесін жеке дараландыруға және қолайлы түзету-дамыту ортасын құруға аударылды.