Ақмола облысы білім басқармасының " Көкшетау қаласы, № 4 арнайы мектеп - интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная  школа-интернат №4, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ерен еңбегі үшін»: абыройлы марапат иесіне құрмет!

04.11.2025

Көкшетауда Республика күніне арналған мерекелік салтанатты іс-шара өтті!
Шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 50-ден астам ақмолалық мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ауыл шаруашылығы, құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру саласының өкілдеріне, сондай-ақ еңбек ардагерлері мен қоғам қайраткерлеріне марапаттар табыс етті.
Мектеп-интернат директоры Алтын Сексембайқызы Мұстафинованың көп жылғы адал еңбегі, кәсіби біліктілігі және өз ісіне адалдығы үшін жоғары мемлекеттік награда — «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғанын ерекше мақтан тұтамыз!
Облыс әкімі мерекенің символдық мәніне тоқталды: биыл Республика күні Қазақстанның тәуелсіздігі мен дамуының іргетасы болған Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай аталып өтуде.

Просмотров: 852


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст