29.10.2025
13 қазан күні мектебімізде «Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
Бұл жылы да әсерлі шара 0–2 сынып оқушыларын бір арнаға тоғыстырды. Балалар ән айтып, би билеп, Мыстан кемпірдің жұмбақтарын шешіп, Орманшыға сиқырлы сағатты табуға көмектесті және, әрине, Сиқырлы сандықтан Күзді құтқарып қалды!
Мереке жарқын, көңілді және нағыз күзгі көңіл-күйде өтті: балалар қуана-қуана ән салып, өлең оқып, ойындарға қатысып, көптен күткен қонақ – Күзді қарсы алды.
Педагогтар, балалар және қонақтар бірлесе отырып, шынайы сиқырға толы ерекше атмосфера қалыптастырды. Әркім осы алтын мезгілдің жылуын, шаттығын және жайлылығын сезінді.
Мерекенің соңында Күз балаларға тосын сыйлар тарту етті, ал естелік ретінде көптеген жарқын суреттер мен көтеріңкі көңіл күй қалды!