Ақмола облысы білім басқармасының " Көкшетау қаласы, № 4 арнайы мектеп - интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная  школа-интернат №4, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кітаптар еліне саяхат» атты сынып сағаты

29.10.2025

2 «А» сыныбында «Кітаптар еліне саяхат» тақырыбында танымдық әрі қызықты сынып сағаты өтті.
Мақсаты — оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқуға сүйіспеншілікті тәрбиелеу, сөйлеу, есте сақтау, зейін және қиял қабілеттерін дамыту.

Сабақ барысында балалар Кітап Феясымен бірге қызықты саяхатқа шығып, төрт аялдамада тапсырмалар орындады:

  1. «Болжа, тап!» — әдеби жұмбақтарды шешті;

  2. «Оқу әлемі» — ертегілерді оқып, талқылады;

  3. «Театрландырылған көрініс» — сүйікті шығармалардан сахналық қойылымдар көрсетті;

  4. «Шығармашылық шеберхана» — шығармашылық тапсырмаларды орындады.

Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Белсенді ойындар мен қызықты тапсырмалар әр баланың қиялын, тапқырлығын және өнерге бейімділігін дамытуға мүмкіндік берді.

Саяхат соңында балаларды Кітап Феясынан тосын сыйлар мен жарқын әсерлер күтіп тұрды.
Өткізілген сынып сағаты оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамытты, сонымен қатар сыныптағы достық қарым-қатынасты нығайтты.

Просмотров: 86


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст