29.10.2025
Гуманитарлық цикл апталығы аясында 9 қазан 4- сыныпта қазақ тілі пәнінен «Әдепті бала» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, мәдениетті сөйлеуге, үлкендерді сыйлауға және кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар әдепті сөздерді қолдануды үйренді.
Ситуациялық жағдаяттарды шешіп, дұрыс қарым-қатынас жасауды талқылады.
«Абай – әдептілік үлгісі» атты шағын көрініс қойып, ұлы ойшылдың өнегелі сөздерін еске алды
Топтық және жеке жұмыстар арқылы өз ойларын еркін жеткізіп, тіл байлығын дамытты
Оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысып, өздерінің білімін, тапқырлығын және шығармашылығын көрсетті.
Мұндай сабақтар балаларға тек тіл үйретіп қана қоймай, адамгершілік қасиеттерді де дарытады.