Ақмола облысы білім басқармасының " Көкшетау қаласы, № 4 арнайы мектеп - интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная  школа-интернат №4, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ойшыл, суреткер ақын»

29.10.2025

2025 ж. 07-қазанында күнтізбелік тақырыптық жоспарға сай «Ойшыл, суреткер ақын» тақырыбында 8-сыныпта ашық сабақ өтті. Сабақты әзірлеу кезінде оның барлық кезеңдері, оқыту мақсатына сәйкес тапсырмалары ойластырылды. Қойылған міндеттерді орындау бойынша бағалау критерийлері мен дескрипторлар құрастырылды. Оқушылардың ақыл-ой қабілеттері, жеке және жас ерекшеліктері ескерілді. Өткен материалды игеру мақсатында жаңа сөздер үйретілді. Кезекші дыбыспен жұмыс кезінде дыбысты анық айту мақсатында дұрыс тыныс алуға арналған жаттығуларды қолданып, жеке түзету жұмыстары көрсетілді. Емдеу-педагогикалық режим талаптары орындалды.


Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып тез ойлау, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ақыл- ойын, білімге ынтасын дамыту, сөздік корын байыту мақсатында жеке жұмыс түрлері және дифференциалдық тәсілдер, сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың тілдік материалдарды естіп қабылдауын және естіп-көріп қабылдауын дамытуға арналған арнайы әдіс-тәсілдер қолданылды. Техникалық оқыту құралдары орынды пайдаланылды.


Сабақта келесі әдіс-тәсілдер тиімді болды:
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, кітаппен жұмыс;
Көрнекілік әдістер: иллюстрация және демонстрация;
- Аударма әдісі;
- Тірек сызба әдісі;
- Сұрақ-жауап әдісі;
- Көрнекілік әдісі;
- Пікір-сайыс әдісі;
- Жаттау, оқу, талдау әдістері.


Осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:
- Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
- Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға ықпал етеді.


Оқушылар сабақта белсенділік танытты.Тапсырмаларды қызығушылықпен және шығармашылықпен орындады. Сабақтың жоспарланған мақсаты толық орындалды.

Просмотров: 26


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст