29.10.2025
Білім алушылардың қазақ халқының мәдени және рухани мұрасына құрметпен қарауын қалыптастыру мақсатында, сондай - ақ оқу-тәрбие жұмысының жоспарын іске асыру шеңберінде 6-10 қазан аралығында мектепте қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және ойшылы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған гуманитарлық цикл апталығы өткізіледі.
Гуманитарлық цикл апталығының ашылуы 6 қазанда өтті. Салтанатты шараға мектеп оқушылары қатысып, Ш. Уәлиханов университетінің студенттері шақырылды.
Оқушылар мен студенттер «Абай-қазақ жерінің ұлы перзенті»атты әдеби — музыкалық композициясын орындап, Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысты; оның мұрасына арналған кітаптар мен иллюстрациялық материалдар көрмесі ұйымдастырылды.
Аптаның ашылуы салтанатты және мазмұнды атмосферада өтті. Оқушылар іс-шара тақырыбына белсенділік, шығармашылық және терең қызығушылық танытты.
Гуманитарлық цикл апталығын өткізу білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, ұлттық мәдениетке, әдебиетке, ана тіліне деген құрметті дамытуға, сондай-ақ патриотизм мен рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуге ықпал етеді.