Текст
Бүгін біздің мектепте 10 сынып түлектеріне арналған соңғы қоңырауға арналған іс-шара өтті. Осы тамаша және шуақты күні салтанатты жиынға педагогтар мен ата-аналар жиналып, түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі. Барлығы әдеттегідей жоғары деңгейде болды. Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы А. Э.Майбах, директордың оқу - тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Н. Нурушеваның құттықтау сөздері айтылды. Сондай-ақ,құттықтау сөздері бірінші мұғалім Гүлім Байтасқызы,сынып жетекшісі Әсел Жамбетқызы, тәрбиеші Ерден Жұмағалиұлы және түлектердің ата-аналарына берілді. Іс-шара соңында оқушылар аспанға гельдік шарлар ұшырды.