Кокшетау қаласында Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі уәкілінің үйлестіру кеңесінің кеңейтілген көшпелі отырысы өтті. Іс-шара аясында кеңес мүшелері, оның ішінде кеңес хатшысы Р.П. Шер мен Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасының өкілі А.В. Мельников бастаған қонақтар қаланың білім беру нысандарын аралап, жұмысымен танысты.
Алғашқы болып, есту қабілеті төмен балаларға арналған «№4 арнайы мектеп-интернатына» барды. Мұнда есту қабілеті бұзылған 148 бала оқиды. Мектепте білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қолайлы жағдайлар жасалған. Оқу процесін қолдау үшін заманауи дыбысты күшейтетін құралдар мен сөйлеу терапиясы тренажерлары орнатылған. Сондай-ақ, экскурсия аясында Sonet 01/1 стационарлық аппараты, Front row to go акустикалық жүйесі және Соло тренажерлері арқылы балаларға сабақтар өткізетіндігі туралы қонақтарды хабардар етті.
Келесі нысан — «Bolashaq Saraiy» балалар мен жастар сарайы болды, мұнда 4 жастан бастап 3000-ға жуық бала 100 түрлі үйірмелер мен секциялар бойынша өз білімдерін дамытады. Қонақтар өз көздерімен көрген білім беру мекемелерінің жабдықталуына жоғары баға беріп, жұмыс нәтижелеріне риза болды.