Ақмола облысы білім басқармасының " Көкшетау қаласы, № 4 арнайы мектеп - интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная  школа-интернат №4, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Яссауи мұрасы – рухани қазына»

20.05.2026

«Ұлттық кітап» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп кітапханасында «Яссауи мұрасы – рухани қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ оқырмандық мәдениеті мен танымдық әлеуетін дамыту болды.Көрмеде ұлы ойшыл, ақын әрі сопылық әдебиеттің көрнекті өкілі Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, танымдық материалдар мен ақпараттық деректер ұсынылды. Оқушыларға Яссауидің түркі әлеміндегі орны, оның рухани мұрасы мен адамгершілікке тәрбиелейтін нақыл сөздерінің маңызы туралы мәліметтер берілді.Іс-шара барысында қатысушылар кітап көрмесімен танысып, рухани тәрбие, ізгілік, білім мен адамгершілік құндылықтары жөнінде пікір алмасты. Көрме оқушылардың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, кітапқа деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті.Іс-шараға 7–10 сынып оқушылары қатысты.

Просмотров: 7


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст