Ақмола облысы білім басқармасының " Көкшетау қаласы, № 4 арнайы мектеп - интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная  школа-интернат №4, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі даярлау сабағы — таным мен дамуға қадам

19.05.2026

2 «Ә» сыныбында тәрбиеші Шахмет Ж.Ж. өзін-өзі даярлау сабағын өткізді.Сабақ барысында оқушылардың ойлау және танымдық іс-әрекеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Ұсынылған материалдың көлемі мен күрделілігі сынып оқушыларының жас және жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылды.Сабақта ойын элементтері мен көрнекіліктер тиімді қолданылып, балалардың қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар, денсаулық сақтау технологиялары да назардан тыс қалмады. Өзін-өзі даярлау барысында дене шынықтыру минуттары, саусақ гимнастикасы, артикуляциялық және тыныс алу жаттығулары өткізілді.Сабақтың басында жағымды эмоционалдық және психологиялық ахуал қалыптастырылып, оқушылардың назарын шоғырландыру мен қажетті мотивацияны қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.Балалар тапсырмаларды өз бетінше орындап, жеке жұмыс жасау дағдыларын көрсетті. Жалпы алғанда, өзін-өзі даярлау сабағы өз мақсатына жетіп, нәтижелі өтті. 

Просмотров: 72


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст